О совершенствовании системы подготовки авиационного персонала Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О совершенствовании системы подготовки авиационного персонала Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 184
- Қабылданған күні
- 07.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2022 103695_577735.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000184
- ЭКБ идентификаторы
- 103695
- Редакция идентификаторы
- 103695_577735
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:43
0 Қазақстан Республикасының авиациялық
персоналын даярлау жүйесін жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының авиациялық персоналын даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Авиациялық оқу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне берілсін.
2
2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын кәсіптік деңгейде даярлау, қайта даярлау және ұстау бойынша білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ азаматтар мен әскери міндеттілерді әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша бастапқы оқыту болып айқындалсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы 7 апреля 2016 года
№ 184 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-3-жолмен толықтырылсын:
«280-3. «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС»;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне» деген бөлімде реттік нөмірі 359-23-жол алып тасталсын.