Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 155
- Қабылданған күні
- 16.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2020 103718_469498.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16TC003544
- ЭКБ идентификаторы
- 103718
- Редакция идентификаторы
- 103718_469498
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:10
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 наурыздағы № 12 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» шешіміне сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сейтқалиевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
КЕЛІСІЛДІ:
Махамбет аудандық мәслихаттың
2-сессиясының төрағасы А.Қабенов
«12» мамыр 2016 ж.
Махамбет аудандық мәслихаттың
хатшысы М.Мырзашев
«12» мамыр 2016 ж.
4 Махамбет аудандық әкімдігінің
2016 жылғы «16» мамырдағы
№ 155 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары, (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы: мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің;
лагерьдің, интернаттың, шеберхананың, оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушісі);
басшының көмекшісі;
мамандар: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, тәлімгер, тәрбиелеуші, әдіскер (негізгі қызметтер), дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші (негізгі қызметтер), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, зертханашы, логопед, психолог, концертмейстер (негізгі қызметтер), хореограф (негізгі қызметтер), мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, музыкатанушы, аккомпониатор, барлық мамандықтағы дәрігерлер.
3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
кітапхана меңгерушісі (басшысы);
мамандар: аккомпаниатор, аккомпаниатор – концертмейстер, барлық атаудағы әртістер, библиограф, кітапханашы, редактор (негізгі қызметтер), дирижер,
режиссер, қоюшы-режиссер, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, вокал бойынша репетитор, хореограф, хормейстер, продюсер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер).
4 4. Спорт мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық бөлігі мәселелері жөніндегі орынбасарынан басқа);
аудандық маңызы бар аға жаттықтырушы;
мамандар: әдіскер, жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, нұсқаушы-спортшы, барлық мамандықтағы дәрігер, (мамандандырылған) медициналық бике/аға.