Құжат мәтініне өту

О передаче из ведения Министерства образования и науки Республики Казахстан в ведение Министерства обороны Республики Казахстан и переименовании государственных учреждений

Қаулы · № 789 · қабылданған 26.09.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103757/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О передаче из ведения Министерства образования и науки Республики Казахстан в ведение Министерства обороны Республики Казахстан и переименовании государственных учреждений Қолданыста Қаулы ·№ 789 ·26.09.2015
19.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О передаче из ведения Министерства образования и науки Республики Казахстан в ведение Министерства обороны Республики Казахстан и переименовании государственных учреждений

Қолданыста Қаулы ·№ 789 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О передаче из ведения Министерства образования и науки Республики Казахстан в ведение Министерства обороны Республики Казахстан и переименовании государственных учреждений
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
789
Қабылданған күні
26.09.2015
Көрсетілген редакция
19.08.2022 103757_592358.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000789
ЭКБ идентификаторы
103757
Редакция идентификаторы
103757_592358
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:14

0 Мемлекеттік мекемелерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беру және оларды қайта атау туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.

2 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелер қайта аталсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) республикалық мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

1 Берілетін мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 789 қаулысына
1-қосымша
Берілетін мемлекеттік мекемелердің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі.

3 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі.

2 Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 789 қаулысына
2-қосымша
Қайта аталатын республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

1

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық «Жас ұлан» мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебі» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 789 қаулысына
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

1

2

3 3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
6-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «1267,5» деген сандар «989,5» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «744,5» деген сандар «466,5» деген сандармен ауыстырылсын;
4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
14)
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Қарағанды республикалық арнайы мектеп-интернаты
35,5
».

Қолданыстағы