Құжат мәтініне өту

О передаче прав по владению и пользованию государственной долей участия в товариществе с ограниченной ответственностью "Ғалам" Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қаулы · № 668 · қабылданған 28.08.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103761/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О передаче прав по владению и пользованию государственной долей участия в товариществе с ограниченной ответственностью "Ғалам" Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 668 ·28.08.2015
29.12.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О передаче прав по владению и пользованию государственной долей участия в товариществе с ограниченной ответственностью "Ғалам" Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 668 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О передаче прав по владению и пользованию государственной долей участия в товариществе с ограниченной ответственностью "Ғалам" Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
"Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
668
Қабылданған күні
28.08.2015
Көрсетілген редакция
29.12.2018 103761_387349.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1500000668
ЭКБ идентификаторы
103761
Редакция идентификаторы
103761_387349
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:33

0 «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне беру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (бұдан әрі – серіктестік) мемлекеттік қатысу үлесіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне берсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті серіктестіктің қызметінен түсетін кірісті уақытында және толық есептеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 668 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі
21-169-жолмен толықтырылсын:
«21-169. «Ғалам» ЖШС».

2 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-28-жолмен толықтырылсын:
«359-28. «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».

3 3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті:
108-15. «Ғалам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 0,5 %.».

4

Қолданыстағы