Об утверждении мест размещения нестационарных торговых в Панфиловском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении мест размещения нестационарных торговых в Панфиловском районе
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 219
- Қабылданған күні
- 23.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2023 I103769_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DP003895
- ЭКБ идентификаторы
- 103769
- Редакция идентификаторы
- I103769_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:02
0 Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Панфилов ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2
2. «Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы М. Сейсенбековке осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Курбановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Панфилов ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «23» мамырдағы
№ 219 қаулысына қосымша
Панфилов ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Қызмет саласы
Алатын алаңы, шаршы метр
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауалар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Пенжім ауылдық округі, Пенжім ауылы, Ш. Уәлиханов және Ескендіров көшелерінің қиылысы, «Гөзал» дүкеніне қарама-қарсы.
Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері
50
5 жыл
«Гөзал» дүкені
2
Көктал ауылдық округі, Ақжазық ауылы, Сарыөзек-Көктал-Жаркент-Қорғас автожолының бойында, Ақжазық ауылының кіреберісі.
Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері
30
5 жыл
Жоқ
3
Үшарал ауылдық округі, Сарыөзек-Көктал-Жаркент автожолының бойында, Үшарал ауылына бұрылуға қарама-қарсы.
Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері
30
5 жыл
Жоқ
4
Үлкеншыған ауылдық округі, Жаркент-Қорғас автожолының екі жағы, Қырыққұдық және Үлкеншыған ауылдарының арасында, Үлкеншыған ауылына кіреберістің шығыс бөлігі.
Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері
200
5 жыл
Жоқ
5
Жаркент қаласы, Жібек жолы даңғылының бойында, Жаркент қаласына шығыс жағынан кіреберістің жолдың сол жағы.
Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері
50
5 жыл
«Баркөрнеу» сауда үйі
6
Пенжім ауылдық округі,
Жаркент-Қорғас автожолының сол жағы, Пенжім ауылына шығыс жағынан кіреберісте (жүгеріні сақтауға және кептіруге арналған орынның алдында)
Азық-түлік тауарлары және ауыл шаруашылығы өнімдері
60
5 жыл
«Наурыз» дүкені