Құжат мәтініне өту

О дисциплинарном совете при акиме Северо-Казахстанской области

Өзге акт · № 239 · қабылданған 25.11.1997
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1038/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О дисциплинарном совете при акиме Северо-Казахстанской области Күшін жойған Өзге акт ·№ 239 ·25.11.1997
27.12.2007 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дисциплинарном совете при акиме Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Өзге акт ·№ 239 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дисциплинарном совете при акиме Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан әкімі жанындағы тәртіп кеңесі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
239
Қабылданған күні
25.11.1997
Көрсетілген редакция
27.12.2007 AI1038_1.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V97S000023_
ЭКБ идентификаторы
1038
Редакция идентификаторы
AI1038_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:53

0 Солтүстік Қазақстан әкімі жанындағы тәртіп кеңесі туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 27.12.2007 № 38 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 қазандағы "Қазақстан Республикасының Жогары тәртіп Кеңесі туралы» № 3705 Жарлығына сәйкес және мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершіліктерін арттыру, олардың өкімет билігі мен қызметтік жағдайларын асыра пайдалануға жол бермеу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережесін сақтауларын қамтамасыз ету мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:

1 1. Облыстың тәртіп кеңесі-облыс әкімі жанындағы консультативтік-кеңес органы құрылсын.

2 2. Жоғары кеңестің негізгі міндеттері төмендегіше айқындалсын

1 1) мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерінің өкімет билігі мен қызмет жагдайларын асыра пайдалану фактілері туралы азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарап-тексеру;

2 2) тәртіп бұзған, өкімет билігі мен қызмет жағдайын асыра пайдаланған, қызметтік этика ережесін бұзған мемлекеттік басқару органдарының басшы лауазымда тұлғаларын тәртіптік жауапқа тарту жөнінде облыс әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;

- мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет және қызметтік этика ережесі туралы қолданылып журген заң талаптарын қамтамасыз етулері жөнінде облыс әкімі үшін ұсыныстар әзірлеу.

3 3. Кеңес құрамын облыс әкімі бекітеді деп бекітілсін.

4 4. Тәртіп Кеңесінің төрағасы 5 күндік мерзімде жоғарыда аталған Кеңестің дербес құрамы жөніндегі ұсынысын қарауға енгізсін.

5 5. Тәртіп Кеңесінің қызметін материалдық-техникалық және басқа жақтарынан, ұйымдық жағынан қамтамасыз ету облыс әкімінің аппаратына жүктелсін.

6 6. Тәртіп Кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін штаттық қызметкерлер облыс әкімі аппаратының бекітілген штаттық кестені есебінен, үш адамнан - Кеңес төрагасы, бір инспектор және бір техникалық қызметкерден құрылсын.

7 7. Тәртіп кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен типтік Ережені басшылыққа алсын.

8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Б. Ржавскийге жүктелсін.

Қолданыстағы