О внесении изменений в некоторые постановления акимата Павлодарской области в сфере образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые постановления акимата Павлодарской области в сфере образования
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің білім беру саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 188/5
- Қабылданған күні
- 14.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.10.2020 103915_492132.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005156
- ЭКБ идентификаторы
- 103915
- Редакция идентификаторы
- 103915_492132
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:47
0 Павлодар облысы әкімдігінің
білім беру саласындағы кейбір
қаулыларына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» № 366/13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4914 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 ақпанда «Регион.KZ» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген:
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің мәтіні бойынша:
"халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылсын, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға
біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» № 12/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4932 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда «Регион.KZ» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің мәтіні бойынша "халыққа қызмет көрсету орталығымен" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен" деген сөздермен ауыстырылсын, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы" деген сөздер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3 3. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.