Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 139 · қабылданған 03.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-103933/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 139 ·03.06.2016
04.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 139 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
139
Қабылданған күні
03.06.2016
Көрсетілген редакция
04.06.2018 103933_332877.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16NF006518
ЭКБ идентификаторы
103933
Редакция идентификаторы
103933_332877
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:55

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын

және ауылдық жерде жұмыс істейтін
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,
мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес, Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Амангелді аудандық
мәслихатының хатшысы
__________ Қ.Кеделбаев
3.06.2016 жыл

4 Әкімдіктің

2016 жылғы «03» маусымдағы
№ 139 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің)

құрылымдық бөлімшесінің басшысы;

2 2) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18 ден асқан мүгедек

балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

3 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

4 4) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің

маманы.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнының басшысы;

2 2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) әлеуметтік педагог;

4 4) педагог-психолог;

5 5) қосымша білім беру педагогы;

6 6) аға тәрбиелеуші, тәрбиелеуші;

7 7) музыкалық жетекші;

8 8) аға вожатый;

9 9) дене тәрбиесі нұсқаушысы;

10 10) нұсқаушы;

11 11) аға әдіскер, әдіскер;

12 12) өндірістік оқыту шебері;

13 13) аға шебер;

14 14) медициналық бике/аға ;

15 15) емдәмдік мейірбике;

16 16) кітапханашы;

17 17) логопед;

18 18) суретші;

19 19) көркемдік жетекші;

20 20) интернат меңгерушісі;

21 21) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

22 22) барлық мамандықтар бойынша мұғалiмдер;

23 23) мектепке дейiнгi ұйымның меңгерушiсi;

24 24) шебер;

25 25) кітапхана меңгерушісі;

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнының басшысы;

2 2) мәдени ұйымдастырушы;

3 3) суретші;

4 4) кітапханашы;

5 5) бөлім меңгерушісі;

6 6) әртіс;

7 7) режиссер;

8 8) редактор;

9 9) әдіскер;

10 10) әкімші;

11 11) дирижер;

12 12) нұсқаушы;

13 13) библиограф;

14 14) көркемдік жетекші;

15 15) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік

қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

16 16) хореограф;

17 17) дыбыс операторы.

4 4. Спорт саласындағы мамандар лауазымдары:

1 1) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнының басшысы;

2 2) Аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық

кәсіпорын басшысының орынбасары;

3 3) медициналық бике/аға;

4 4) жаттықтырушы.

5 5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

1 1) ветеринариялық дәрiгер;

2 2) ветеринариялық фельдшер.

Қолданыстағы