Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска ценных бумаг местным исполнительным органом города Астана
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска ценных бумаг местным исполнительным органом города Астана
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласының жергілікті атқарушы органының бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 333
- Қабылданған күні
- 24.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2016 103958_Some(105261).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013847
- ЭКБ идентификаторы
- 103958
- Редакция идентификаторы
- 103958_Some(105261)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:37
0 Астана қаласының жергілікті атқарушы органының бағалы қағаздар шығару шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 212-бабына және «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін бағалы қағаздар шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 қазандағы № 1520 қаулысының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Астана қаласының жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін бағалы қағаздар шығарудың мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
бағалы қағаздарды шығару жылы – 2016;
бағалы қағаздардың түрі – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі – 1 700 000 000 (бір миллиард жеті жүз миллион) теңгеден аспайды;
3) нысаналы мақсаты - мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Р.Т. Мейрханов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;