Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершенолетия без попечения родителей,являющихся выпускниками организаций образования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершенолетия без попечения родителей,являющихся выпускниками организаций образования
- Атауы (қаз.)
- Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 165
- Қабылданған күні
- 14.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2018 104052_384428.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZK004463
- ЭКБ идентификаторы
- 104052
- Редакция идентификаторы
- 104052_384428
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:46
0 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар
үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдар үшін
және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. «Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы №301
«2016 жылғы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4178 тіркелген, 2016
жылғы 8 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде
жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.