Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Таскалинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда в Таскалинском районе
- Атауы (қаз.)
- Тасқала ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде мүгедектер үшін квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 164
- Қабылданған күні
- 14.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2016 104066_274339.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16ZK004462
- ЭКБ идентификаторы
- 104066
- Редакция идентификаторы
- 104066_274339
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:46
0 Тасқала ауданында ауыр жұмыстарды,
еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс
орындарын есептемегенде мүгедектер
үшін квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тасқала ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. «Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы №300
«2016 жылға Тасқала ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4179 тіркелген, 2016 жылғы 1 қаңтарда «Екпін» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.