Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауского района

Қаулы · № 220 · қабылданған 07.07.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104072/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауского района Қолданыста Қаулы ·№ 220 ·07.07.2016
07.07.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауского района

Қолданыста Қаулы ·№ 220 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Мангистауского района
Атауы (қаз.)
Маңғыстау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
220
Қабылданған күні
07.07.2016
Көрсетілген редакция
07.07.2016 104072_96231.kaz
Соңғы өзгеріс
07.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G16ME00220A
ЭКБ идентификаторы
104072
Редакция идентификаторы
104072_96231
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:27

0 Маңғыстау ауданы әкімдігінің

кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актiлер туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға  қосымшаға  сәйкес Маңғыстау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

2 2. «Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Ә.Төлемісов) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

4 Маңғыстау ауданы әкімдігінің

2016 жылғы 07 шілдедегі
№ 220 қаулысына
қосымша
Маңғыстау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
кейбір қаулылардың тізбесі

1 1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 10 «Маңғыстау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2215 болып тіркелген, 2013 жылы 13 ақпанда «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) қаулысы;

2

2. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 55 «Маңғыстау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2223 болып тіркелген, 2013 жылы 27 ақпанда «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) қаулысы;

3

3. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 242 «Маңғыстау ауданының аумағында ауылдық округ және ауылдық округ құрамына кірмейтін ауыл әкімдерін сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шартық негізде үй-жайларды беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2274 болып тіркелген, 2013 жылы 24 шілдеде «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) қаулысы;

4

4. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 243 «Маңғыстау ауданының аумағында ауылдық округ және ауылдық округ құрамына кірмейтін ауыл әкімдерін сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2272 болып тіркелген, 2013 жылы 24 шілдеде «Жаңа өмір» газетінде жарияланған ) қаулысы;

5

5. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 85 «Маңғыстау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы» Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы №10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2378 болып тіркелген, 2014 жылы 16 сәуірде «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) қаулысы;

6

6. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 320 «Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №55 «Маңғыстау ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2517 болып тіркелген, 2014 жылы 03 желтоқсанда «Жаңа өмір» газетінде жарияланған) қаулысы.

Қолданыстағы