Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 108 · қабылданған 30.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104097/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 108 ·30.05.2016
22.11.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 108 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
108
Қабылданған күні
30.05.2016
Көрсетілген редакция
22.11.2024 104097_733183.kaz
Соңғы өзгеріс
22.11.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16TD003548
ЭКБ идентификаторы
104097
Редакция идентификаторы
104097_733183
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:59

0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабы 2) тармақшасына, 139 бабы 9 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы» Исатай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі №7-VI шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 6 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихаттың
1-ші сессиясының төрағасы
Л.Мутянова
2016 жылғы 30 мамыр
Аудандық мәслихат
хатшысы Н.Мұханбеталиев
2016 жылғы 30 мамыр

4 Исатай ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

Исатай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 108 қаулысына қосымша
Исатай ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;

2 2) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесінің басшысы;

3 3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

4 4) мейіргер;

5 5) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

6 6) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

7 7) тәрбиеші;

8 8) логопед;

9 9) психолог;

10 10) дефектолог;

11 11) әдіскер;

12 12) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;

13 13) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

14 14) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

15 15) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

16 16) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

1 1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

2 2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

3 3) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

4 4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

5 5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;

6 6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;

7 7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

8 8) әкімші (негізгі қызметтер);

9 9) аккомпаниатор;

10 10) концертмейстер;

11 11) библиограф;

12 12) кітапханашы;

13 13) дыбыс режиссері;

14 14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

15 15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

16 16) ұжым (үйірме) басшысы;

17 17) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

18 18) музыкалық жетекші;

19 19) музыкалық әрлеуші;

20 20) редактор (негізгі қызметтер);

21 21) режиссер;

22 22) қоюшы режиссер;

23 23) хореограф;

24 24) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

25 25) барлық мамандықтағы инженер;

26 26) инспектор;

27 27) костюмер;

28 28) жарық аппаратурасы, бейне жазба, дыбыс жазба операторы.

Қолданыстағы