Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил осуществления последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатными изданиями

Қаулы · № 387 · қабылданған 30.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104181/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении Правил осуществления последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатными изданиями Күшін жойған Қаулы ·№ 387 ·30.06.2016
28.08.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил осуществления последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатными изданиями

Күшін жойған Қаулы ·№ 387 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил осуществления последующего официального опубликования текстов нормативных правовых актов печатными изданиями
Атауы (қаз.)
Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
387
Қабылданған күні
30.06.2016
Көрсетілген редакция
28.08.2018 104181_348241.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000387
ЭКБ идентификаторы
104181
Редакция идентификаторы
104181_348241
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:33

0 Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы

«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағын iске асыру мақсатында әзiрлендi және нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн баспа басылымдарының кейiннен ресми жариялауының тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) уәкілетті орган – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері;

2

2) сараптама – оның барысында баспа басылымы ұсынатын нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде сақталатын нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне сәйкестiгiн тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын рәсiм;

3 3) макет – кейiннен ресми жариялауға жататын нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң алдын ала үлгiсi.

3 3. «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

7-бабында түрлерi көзделген Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды (бұдан әрі – кейіннен жариялау) өздері жариялайтын мәтiндер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiгі тұрғысынан сараптамадан өткiзiлуi және кейiннен ресми жариялауға уәкілетті орган беретін қорытындыны алуы шартымен баспа басылымдары жүзеге асырады.

2 2. Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейіннен ресми жариялау тәртібі

4 4. Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау мақсатында баспа басылымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген нысандағы өтiнiш;

2 2) баспа басылымының заңнамада белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;

3 3) макет.

5 5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар келiп түскеннен кейiн уәкілетті орган күнтiзбелiк 15 күн iшiнде сараптама жүргiзедi.

Сараптаманы ұсынылған макеттердi Эталондық бақылау банкiнде сақталатын, сондай-ақ Нормативтiк құқықтық актілердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiмен салыстыру арқылы уәкілетті органның қызметкерлерi жүргiзедi.

6 6. Жүргiзiлген сараптама нәтижелерi бойынша уәкілетті орган кейiннен ресми жариялауға қорытынды беру туралы не кейiннен ресми жариялаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

7 7. Уәкілетті органның оң қорытындысы болған кезде баспа басылымы кейiннен ресми жариялауды жүзеге асырады.

Бұл ретте уәкілетті орган кейiннен ресми жариялануға жататын нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көк түсті жазуы бар «Ресми мәтiн» деген мөртабан қояды. Мөртабан кейіннен ресми жариялауға уәкілетті органның басшысы бекіткен тиісті қорытынды берілетін макет мәтінінің бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышына қойылады.
Кейіннен ресми жариялауға уәкілетті орган қорытынды берген нормативтік құқықтық актілердің мәтіні тиісті баспа басылымына ілеспе хатпен жіберіледі не заңнамаға сәйкес баспа басылымының уәкілетті өкіліне қолма-қол беріледі.
Уәкілетті органның қорытындысы оң болған кезде баспа басылымының құрылтай құжаттарының және макеттің көшірмелері уәкілетті органда қалады.

8 8. Уәкілетті орган кейіннен ресми жариялауға қорытынды алынған нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің және баспа басылымдарының есебін жүргізеді.

Есеп осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға қорытындыларды есепке алу кітабына жазбалар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

9 9. Кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруден бас тартылуы мүмкін. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттардың табыс етілмеуі немесе құжаттарда ақпараттың толық немесе дұрыс көрсетілмеуі кейіннен ресми жариялауға қорытынды беруден бас тартуға негіз болады.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялаудан бас тарту туралы уәкілетті органның қорытындысы бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен жазбаша нысанда баяндалады және баспа басылымының құрылтай құжаттарының көшірмесімен және макеттермен бірге баспа басылымына жіберіледі, макеттің көшірмесі уәкілетті органда қалады. Бұл ретте макеттерге мөртабан қойылмайды.

10 10. Сараптама жүргізудің дұрыстығы және анықтығы үшін уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқару жүктелген адам жауапты болады.

11

11. Кейіннен ресми жариялауға қорытынды алған баспа басылымдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін олардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне дәлме-дәл сәйкестікте корректорлық және редакторлық түзетулерсіз және қысқартуларсыз жариялайды.

12 12. Баспа басылымдары нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен ресми жариялау кезінде олардың қолданысқа енгізілген күнін міндетті түрде көрсетеді.

13 13. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау кезінде жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспа басылымының қандай да бір түсіндірмелеріне жол берілмейді.

3 3. Қорытынды ережелер

14 14. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

1 Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін баспа басылымдарының кейіннен ресми жариялауына ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген
1-қосымша
Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін баспа
басылымдарының кейіннен ресми жариялауына
ӨТІНІШ
__________________________________________________________________ (баспа басылымының атауы)
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағының және
«Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының
жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2016 жылғы _____________
№ _____ қаулысының негізінде уәкілетті органнан қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актісінің (лерінің) мәтінін (дерін) кейіннен ресми жариялауға қорытынды
беруін сұрайды.
Өзге мәліметтер:___________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(баспа басылымының орналасқан жері және өзге де деректемелер)
Баспа басылымы басшысының қолы ______________________________
20___жылғы « ____» ______________

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген
2-қосымша
бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
Ресми мәтін.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
___________________әділет департаменті
(облыс, Астана және Алматы қалалары)

3 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысымен
бекітілген
3-қосымша
Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларына
қосымша
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауға қорытындыларды есепке алу кітабы
Р/с

Баспа басылымының атауы
Нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Құжаттардың берілген күні
Кейіннен ресми жариялауға қорытынды берілген күн
Өзге мәліметтер

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 387 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

1 1. «Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 315-құжат).

2 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2006 жылғы 14 ақпандағы № 99 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.

3 3. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2206 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 2, 16-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
2-тармағы.

Қолданыстағы