Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня информационно-измерительных комплексов и технических средств, необходимых для осуществления деятельности в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Бұйрық · № 455 · қабылданған 31.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104273/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня информационно-измерительных комплексов и технических средств, необходимых для осуществления деятельности в области энергосбережения и повышения энергоэффективности Қолданыста Бұйрық ·№ 455 ·31.05.2016
31.05.2016 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня информационно-измерительных комплексов и технических средств, необходимых для осуществления деятельности в области энергосбережения и повышения энергоэффективности

Қолданыста Бұйрық ·№ 455 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня информационно-измерительных комплексов и технических средств, необходимых для осуществления деятельности в области энергосбережения и повышения энергоэффективности
Атауы (қаз.)
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
455
Қабылданған күні
31.05.2016
Көрсетілген редакция
31.05.2016 104273_Some(98477).kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013902
ЭКБ идентификаторы
104273
Редакция идентификаторы
104273_Some(98477)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:57

0 Энергия үнемдеу және энергия

тиімділігін арттыру саласындағы
қызметті жүзеге асыру үшін қажетті
ақпараттық-өлшеу кешендері мен
техникалық құралдар тізбесін бекіту
туралы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күнен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 31 мамыр

1 Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің 2016 жылғы
31 мамырдағы
№ 455 бұйрығымен
бекітілген
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесі

1 1. Жылу көргіш.

2 2. Ультрадыбыстық сұйықтық шығынын өлшеуіш.

3 3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 550° С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.

4 4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.

5 5. Тоқ қармауыштар.

6 6. Анемометр.

7 7. Гигрометр.

8 8. Люксметр.

9 9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.

10 10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште осы функция болмаса).

11 11. Электр энергиясының сапасын талдауыш.

12 12. Контактілі термометр.

13 13. Манометр.

14 14. Газ талдауыш.

Қолданыстағы