О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Шалкарском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Шалкарском районе
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 10.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 15.06.2020 104289_467700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16CM004978
- ЭКБ идентификаторы
- 104289
- Редакция идентификаторы
- 104289_467700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:49
0 Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2
2. Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 194 «Шалқар ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4237 санымен тіркелген, 2015 жылғы 30 наурызда «Шалқар» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Шалқар аудандық мәслихатының
2016 жылғы «10» маусымдағы
№ 24 шешіміне
қосымша
Шалқар ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар өткізу
тәртібін қосымша реттелген тәртібі
1 1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуі өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізіледі.
2 2. Жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізілетін орындар:
1 1) Есет Көтібарұлы және І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысындағы І. Үргенішбаев ескерткішінің алды;
2 2) Есет Көтібарұлы көшесі бойында орналасқан, «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» мемлекеттік мекемесінің алдында.
3 3. Шерулер мен демонстрациялар мына маршрут бойынша өтеді:
1 1) Бозой тас жолынан, әрі қарай А. Жұбанов көшесінің бойымен Есет Көтібарұлы және І. Үргенішбаев көшелерінің қиылысына дейін;
2 2) Ә. Молдағұлова және Есет Көтібарұлы көшелерінің қиылысынан, әрі қарай Есет Көтібарұлы көшесінің бойымен Желтоқсан көшесіне дейін.
4 4. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ барлық қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтайды.
5 5. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1 1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2 2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3 3) Шалқар ауданының әкімдігінің рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, уақытша құрылыстар тұрғызуына;
4 4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5 5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6 6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және басқа да қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7 7) егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті,
тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса, немесе өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың
қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса;
8 8) алкогольдік немесе наркологиялық масаю жағдайында қатысуға жол берілмейді ;
6
6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізілетін жерлерде алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың үйлестіктерін, прекурсорларды пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қоғамға қарсы мінез-құлыққа және басқа құқық бұзушылыққа шақыратын транспоранттар, ұрандар және басқа да материалдар пайдалануға (визуалды, аудио/видео), сондай-ақ, көпшілік алдындағы сөздерге жол берілмейді.
7 7. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес өткізіледі.
8 8. Пикет өткізу кезінде:
1 1) пикет өткізілетін объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3 3) қысқа ұрандар айтуға, пикеттің тақырыбы бойынша ұрандар айтуға жол беріледі.
9 9. Пикет тұрпатын митинг, жиналыс, шеру түрінде жалғастыру үшін Шалқар ауданы әкімдігінің белгіленген тәртіптегі рұқсатын алу қажет.
10
10. Егер: өтініш берілмеген болса, тыйым салу туралы шешім шығарылса, өткізу кезінде көзделген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін, қоғамдық тәртіп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Шалқар ауданы әкімдігі өкілінің талап етуі бойынша тоқтатылуы тиіс.