Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности района Магжана Жумабаева
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 14.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.12.2019 104303_433585.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16SI003805
- ЭКБ идентификаторы
- 104303
- Редакция идентификаторы
- 104303_433585
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:47
0 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
1 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2)-тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстiк Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданының
мәслихатының хатшысы
_______________ Т. Ә. Әбілмәжінов
2016 жылғы «14» маусым
5 Солтүстік Қазақтан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «14» маусымдағы
№ 145 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
барлық мамандықтағы дәрігерлер;
мейірбике;
емдәм бикесі.
2 2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің басшысы;
қариялар мен мүгедектерді күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
психоневрологиялық ауыратын 18 жастан үлкен мүгедек балаларды күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші.
3 3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
білім ұйымның мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме басшысы;
білім ұйымның мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның басшысы;
барлық мамандықтағы мұғалімдер;
социолог, әлеуметтік педагог;
психолог, педагог-психолог;
тәрбиеші;
тәрбиешінің көмекшісі;
музыкалық жетекші;
дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
әдіскер;
вожатый;
кітапхана меңгерушісі;
кітапханашы;
лаборант;
медициналық (лар) қарындасы (інісі);
логопед;
лагерь меңгерушісі.
4 4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
кітапхананың меңгерушісі;
көркемдік жетекшісі;
кітапханашы;
аккомпаниатор;
мәдени ұйымдастырушы;
хореограф.
5 5. Спорт мамандарының лауазымдары:
нұсқаушы;
шебер;
әдіскер;
жаттықтырушы-оқытушы
6 6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
ветеринариялық дәрігер.