Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

16-1-бап. Субординарлық борыш

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талапты қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келетін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме осы Заңның 74-2-бабында айқындалған оныншы кезекте қанағаттандырылады. Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.