16-2-бап. Мерзімсіз қаржы құралдары
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімсіз қаржы құралдарына жатқызу шарттары болып табылады:
1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде елу жылды құрайды;
2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеу не орындау туралы талапты қоя алмайды;
3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтердің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мәндерден төмен түсуіне алып келмеген жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;
4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме субординарлық борыш бойынша талаптардан кейін, осы Заңның
74-2-бабында айқындалған оныншы кезекте қанағаттандырылады.
Ескерту. Заң 16-2-баппен толықтырылды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-16-2/