23-бап. Банк ашуға рұқсат беру жөнiндегi өтiнiштi қарау тәртiбi
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган өтiнiш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарауға тиiс.
2. Банк ашуға рұқсат беру туралы хабарлама өтiнiш берушіге және Корпорацияға жiберiледi.
3. Уәкiлеттi орган банк ашуға берiлген рұқсаттың есебiн жүргiзiп отырады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154; 2003.07.10. N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-23/