Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

24-бап. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банк ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:
1) банк атауының осы Заңның 15-бабы 2, 3 және 4-тармақтарының талаптарына сәйкес келмеуi;
2) банк құрылтайшыларының қаржылық жағдайының орнықсыздығы. Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп осы Заңның 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) құрылтайшы – жеке тұлғаның не құрылтайшы – заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының: жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы; уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқаруы. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент – қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл ішінде қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасының бейрезидент – сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) осы Заңның 17-1-бабы талаптарының сақталмауы;
5) осы Заңның 17-бабында белгiленген шектеулердiң сақталмауы;
6) уәкілетті органның банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
7) банктің еншілес ұйымын құруға (иеленуге) рұқсат беруден бас тарту;
8) рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттардағы мәліметтер мен ақпараттың анық еместігі.
2. Уәкiлеттi орган бас тарту негiздерi жөнiнде өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
3. Осы Заңның 18-21-баптарының шарттары сақталмаған ретте банк ашуға рұқсат беруге жол берiлмейдi. Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11. № 154; 2003.07.10. № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі); 2005.12.23. № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.