25-бап. Банкті мемлекеттiк тiркеу, микроқаржы ұйымын банк етіп қайта тіркеу
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Банктi мемлекеттiк тiркеудi Корпорация уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсаты негiзiнде жүзеге асырады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді Корпорация уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берген рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы өзі мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (02.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-25/