Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

31-1-бап. Банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабардар етуі

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органды банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті органының қаржы өнімдерін бекітуі туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым олардың бекітілгендігі туралы уәкілетті органды хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың және хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мәліметтердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. Ескерту. 3-тарау 31-1-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.