31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
1-1. Алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларды банктің директорлар кеңесi бекiтуге және онда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер:
1) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн кредиттердің шектi сомалары мен мерзiмдерi;
2) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің шектi шамасы;
3) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары;
4) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
5) банк операцияларын жүргiзуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті шамасы;
6) банктік қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдаудың шекті мерзімдері;
7) банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау
тәртібі болуға тиіс.
Клиенттің жолданымын қарау мерзімі банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;
8) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
9) ислам банкiнiң және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, ислам банкiнiң банк операцияларын жүргiзу шарттары және соған байланысты тәуекелдер;
10) клиенттермен жұмыс тәртібі туралы ереже;
11) банктің директорлар кеңесi операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн өзге де шарттар, талаптар және шектеулер болуға тиiс.
Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын айқындайтын қағидалар көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну, ақпаратты жария ету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын көрсетілетін банктік қызметтерді ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің жолданымдарын қарау тәртібіне сәйкес келуге тиіс.
2-1. Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережелерді ислам банкінің директорлар кеңесі осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талапты ескере отырып бекітеді.
3. Банкiнiң iшкi ережелерi:
а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
г) банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.
4. Алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның (бұдан әрі – банкке қызмет көрсететін тұлға) құқыққа сыйымсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен жасалған тиісті шартының (келісімінің) талаптары бойынша жауапкершілікте болады.
Банк пен банкке қызметтер көрсететін тұлға арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауапкершілігі міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Банк және банкке қызметтер көрсететін тұлға арасында жасалған шарт (келісім) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлға қызметінің тәртібі уәкілетті орган бекітетін банкке клиенттерді тарту, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларында белгіленеді.
Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 № 154 , 1999.07.16 N 436 , 2003.05.16 N 416 , 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі);
30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-31/