Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

45-бап. Ертерек ден қою шаралары

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Уәкілетті орган банктердің депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банктердің қызметін талдауды жүзеге асырады. Банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
2. Уәкілетті орган банк конгломератының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында, банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау үшін банк конгломератының қызметін талдауды жүзеге асырады. Банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторлар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленеді.
3. Банктің қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесінде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда уәкілетті орган банкке және (немесе) оның акционерлеріне банктің қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді. Банк және (немесе) оның акционерлері көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлері жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі. Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде, уәкілетті орган банкке және (немесе) оның ірі қатысушыларына (банк холдингтеріне) осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
4. Банк конгломератының қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесінде және (немесе) банк холдингін не банк конгломератының қатысушыларын тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген факторлар анықталған жағдайда, уәкілетті орган банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйінің нашарлауына және банк конгломератының қызметімен байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын ұсыну жөнінде жазбаша нысанда талап жібереді. Банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары көрсетілген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде іс-шаралар жоспарын әрбір тармақ бойынша атқарылу мерзімдері мен жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып әзірлеуге және уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк холдингі және (немесе) оның ірі қатысушылары жоспарда белгіленген мерзімдерде оның орындалу нәтижелері туралы уәкілетті органды хабардар ете отырып, жоспарды іске асыруға кіріседі. Іс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде, уәкілетті орган банк холдингіне және (немесе) оның ірі қатысушыларына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
5. Банктің (банк конгломератының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспары осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ұсынылмаған, осы жоспардың іс-шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда банкке (банк холдингіне) және (немесе) оның ірі қатысушыларына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.
6. Ерте ден қою шаралары көзделетін іс-шаралар жоспарын мақұлдау тәртібі және банктің (банк конгломератының) қаржылық жай-күйінің нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бірі орындалған: тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингінің, сондай-ақ банк холдингі, банк холдингі белгілерін иеленуші тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған; уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банк холдингі, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді. Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.