Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

44-бап. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

Ескерту. 44-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргiзедi. Уәкiлеттi орган банктердің және (немесе) банк конгломераттарына қатысушылардың (банк холдингтерін қоспағанда) қызметіне тексеру жүргізген кезде банктердің үлестес тұлғаларының қызметін тек қана олардың банктердің қызметіне ықпал ету дәрежесі мен сипатын айқындау мақсатында тексеруге құқылы.
2. Банктер, банктердің ірі қатысушылары, банк холдингтері, банк конгломератына қатысушылар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткізуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуіне не үшiншi тұлғаларға беруіне тыйым салынады.
4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған және банктік не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылықта болады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мына талаптардың бірі орындалған: тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы – заңды тұлға, банк холдингі, банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің белгілеріне ие тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының көрсетілген Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған; уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде банктің ірі қатысушысы – заңды тұлға, банк холдингі, банктің ірі қатысушысының немесе, банк холдингінің белгілеріне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
6. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент – банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы ақпарат алмасу туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі туралы ақпаратты алуға құқылы. Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.