Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

6-бап. Уәкiлеттiк берiлмеген қызметке тыйым салу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлғаның:
1) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын орындауға;
2) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада "банк" деген сөздi немесе содан туындайтын, ол банк операцияларын орындайтындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) пайдалануға құқығы жоқ. Бұл тыйым салу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.
2. Мемлекеттiк орган, Ұлттық пошта операторы, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкi осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметтi (операцияларды) қоспағанда, уәкiлеттi органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болып табылады. Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.