7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу. Банкiлердiң тәуелсiздiгi
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Банкiлер мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты мемлекет те олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, бұған осы баптың 2-тармағында көрсетiлген реттер, сондай-ақ банкiлер мен мемлекет өзiне осындай жауапкершiлiк алған жағдайлар кiрмейдi.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының резиденттері - мемлекетаралық банкілер қабылдаған депозиттердің сақталуына кепілдік береді және олардың міндеттемелері бойынша осындай банкілердің (немесе олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның) жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің үлесіне тепе-тең мөлшерде жауап береді.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделгеннен басқа реттерде мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының кез келген түрде банкiлердiң қызметiне араласуына тыйым салынады.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1996.12.07 № 50; 1997.07.11 № 154; 2001.03.02 № 162; 2003.07.10 № 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-7/