Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

61-5-бап. Банктік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үздіксіздігін қамтамасыз ету

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық жүйенің қызметін қалпына келтіру үшін банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінің резервтік орталығының, резервтік байланыс арналарының жұмысын қамтамасыз етеді.
2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық және басқа да құралдарға енгізілетін және банктік көрсетілетін қызметтердің клиентке қолжетімділігіне әсер ететін, қолданысқа енгізілуі жоспарланып отырған өзгерістер (жаңартулар) туралы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында немесе шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде клиенттерді хабардар етеді.
3. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиенттерге көрсетілетін қызметтерді ұсынудың кепілді үздіксіз деңгейін қамтамасыз етеді, ол банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ішкі қағидаларында белгіленеді және банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында міндетті түрде орналастырылуға жатады.
4. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелері жұмысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігіне қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.
5. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақпараттық қауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау, алдын алу шараларын іске асыру және ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің профилактикасы мақсаттарында ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді, онда мыналар:
1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті және қатерлерді анықтау мен талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру жөніндегі іс-шараларды мониторингілеу;
2) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинау, шоғырландыру және сақтау;
3) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдау;
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын өзге де талаптар көзделеді.
6. Банктер ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің бар-жоғы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсынады.
7. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты уәкілетті органға береді. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
8. Қазақстан Республикасының қаржылық және (немесе) төлем жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының елеулі екендігі туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпарат, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты жіберуге құқылы. Ескерту. 7-1-тарау 61-5-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015№ 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.