Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

61-7-бап. Банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банк осы Заңның 61-6-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзім өткен соң банктің қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілерін жоймаған жағдайда, уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға міндетті.
2. Уәкілетті орган мынадай негіздер бойынша банкті осы Заңның 61-6-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен бұрын төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы шешім қабылдауға құқылы:
1) банк өзін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызғаннан кейін банктің қаржылық жағдайының одан әрі нашарлауына алып келетін операциялар (мәмілелер) жасауы, оның ішінде: банктің өз нәтижесінде банк активтері сапасының едәуір нашарлауы орын алатын мәмілелер жасасуы, оның ішінде активтерді, кепіл нысаналарын банк үшін нашар жаққа қарай сату, алмастыру және егер алмастырудың салдарлары банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса); банктің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, өздерінің нәтижесінде банк залал шегетін нарықтық емес шарттарда мәмілелер жасасуы, сондай-ақ осы Заңның 40-бабының талаптарын және (немесе) уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы белгілеген шектеулерді бұза отырып, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасуы; банктің басқа депозиторлар және (немесе) өзге кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауын мүмкін етпеуге алып келетін міндеттемелерді банктің қабылдауы; мүлікті өтеусіз не салыстырымды экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас мүлік бағасына қарағанда банк үшін нашар жаққа қарай едәуір айырмашылығы болатын бағамен не негіздері болмаса да, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып беру (оның ішінде уақытша пайдалануға беру);
2) банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нормативтік мәндердің үштен бірінен төмен деңгейге дейін төмендету түрінде оларды бұзу;
3) ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты банктің он жұмыс күні ішінде депозиторлар мен кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды орындамауы;
4) төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынын күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау;
5) банктің осы Заңның 46-бабында көзделген қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды орындамауы.
3. Егер осы Заңның 61-8-бабында көзделген реттеу жөнінде қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша банк өзін осы баптың 2-тармағында көрсетілген, төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу негіздерін жойса және меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенттерін сақтаса, уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатынан алып тастайды. 4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасын және 3-тармағын қолдану мақсаттары үшін меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті деп резерв ретінде қабылданатын активтердің жеткіліктілік коэффициенті түсініледі. Ескерту. 61-7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.