63-бап. Банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы)
Қолданыста
01.07.2026 редакциясы
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444
1. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша банк басқарушысын) уәкiлеттi орган оның қызметкерлерi, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері, не осы Заңның 20-бабының 3-тармағында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін өзге адамдар арасынан тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерiнiң (уақытша банк басқарушысы) құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың еңбегiне ақы төлеу шарты уәкiлеттi орган пен уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) арасында жасалатын жеке шарт бойынша белгiленедi.
3. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) өз қызметiнде осы Заңды, уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады.
4. Уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiк мүшелерiн (уақытша банк басқарушысын) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Банкiге келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарушы) қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауаптылықты көтередi. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (уақытша банк басқарушысына) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
Ескерту. 63-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/doc-104325/st-63/