Мазмұнға өту
О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан Қолданыста 01.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

62-бап. Банкiнi консервациялау ұғымы

Қолданыста 01.07.2026 редакциясы

О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан · № 2444

1. Банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызған және оған осы Заңның 61-8-бабында көзделген реттеу жөніндегі шаралар қолданылған жағдайда, ол консервациялауға ұшыратылуы мүмкін. Консервациялау төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөніндегі шараларды іске асырған кезде, төлемге қабілетсіз банкке бақылау орнату үшін уәкілетті орган мәжбүрлеп енгізетін төлемге қабілетсіз банкті басқару мен оның қызметінің арнайы режимін білдіреді.
2. Алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу Ұлттық Банкiнiң шектеулi (бiр жылға дейiн) мерзiмге банкiнi басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi.
4. Банкiнi консервациялау банкiнiң өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Алып тасталды - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентiнiң 1996.01.27 N 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 1997.07.11 № 154; 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.