Құжат мәтініне өту

О выплате ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам Карагандинской области

Қаулы · № 39/01 · қабылданған 06.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104346/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О выплате ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам Карагандинской области Күшін жойған Қаулы ·№ 39/01 ·06.06.2016
26.12.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О выплате ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам Карагандинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 39/01 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О выплате ежемесячного денежного содержания ведущим спортсменам Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысының жетекші спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39/01
Қабылданған күні
06.06.2016
Көрсетілген редакция
26.12.2017 104346_277811.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16K0003874
ЭКБ идентификаторы
104346
Редакция идентификаторы
104346_277811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:53

0 Қарағанды облысының жетекші

спортшыларына ай сайын ақшалай
үлес төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңдарына сәйкесҚарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ай сайын ақшалай үлестөленсін (бұдан әрі - Үлес):

Қарағанды облысының спортшыларына - «КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, олардың «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» немесе «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтары бар жаттықтырушыларына;
Қарағанды облысының спортшыларына - спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне.

2 2. «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

5 Қарағанды облысы әкімдігінің

2016 жылғы «06» маусымдағы
№ 39/01
қаулысына қосымша
Қарағанды облысының спортшыларына және жаттықтырушыларына
төленетін ай сайын ақшалай үлестің мөлшері
Алатындар санаты
Төленетін ай сайын ақшалай үлестің сомасы
«КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін Олимпиада чемпионы
120 000 теңге
«КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада ойының жүлдегері (2 орын)
110 000 теңге
«КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада ойының жүлдегері (3 орын)
100 000 тенге
«КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін Әлем Чемпионы
100 000 тенге
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атақтары бар Олимпиада Чемпионының, жүлдегерінің, Әлем чемпионының жаттықтырушысы
20 000 тенге
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшы
70 000 тенге
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшының жаттықтырушысы
10 000 тенге
Спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшы
30 000 тенге
Спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшының жаттықтырушысы
10 000 тенге
Спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшылардың клубтық команадаларының басшысы
10 000 тенге

Қолданыстағы