Об определении перечня должностей специалистов в области культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 489
- Қабылданған күні
- 15.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2024 104363_741235.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16L0005557
- ЭКБ идентификаторы
- 104363
- Редакция идентификаторы
- 104363_741235
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:45
0 Азаматтық қызметшілер болып
табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін мәдениет
саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына және «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облысының әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы №35 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы « 15 » маусымдағы
№ 489 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Мәдениет саласында:
1 1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры) және басшысының (директорының) орынбасары, (әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшысының (директорының) орынбасарынан басқа), мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын филиалының басшысы (директоры);
2 2) көркемдік жетекшісі, бас: қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші;
3 3) әдеби-драмалық бөлім, режиссерлық, музыкалық бөлім, көркемдік қойылым бөлімі, педагогикалық бөлім, өндірістік шеберхана, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертхана меңгерушісі (басшысы), сектор басшысы;
4 4) ғылыми қызметкерлер (бас, жетекші, аға, кіші);
5
5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейлердегі мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, музейлер қорын есепке алу архивисті, археограф (негізгі қызметтер), балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер), кинорежиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, палеограф, режиссер, қоюшы-режиссер, хормейстер, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод, археолог, режиссер ассистенті, арт-менеджер, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, продюсер, редактор (негізгі қызметтер), хореограф.