Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Бородулихинского районного маслихата

Өзге акт · № 3-3-VI · қабылданған 07.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 05.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104444/on/2026-09-05/
Басып шығарылды 2026-09-05 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Бородулихинского районного маслихата Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-3-VI ·07.06.2016
29.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
05.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Бородулихинского районного маслихата

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-3-VI · 05.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Бородулихинского районного маслихата
Атауы (қаз.)
Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-3-VI
Қабылданған күні
07.06.2016
Көрсетілген редакция
29.03.2024 104444_716400.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VH004587
ЭКБ идентификаторы
104444
Редакция идентификаторы
104444_716400
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:52

0 Бородулиха аудандық мәслихатының

кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Бородулиха аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер енгізілсін:

1

2

2) 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 29-2-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3695 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 3 наурыздағы аудандық «Аудан тынысы» газетінде № 19, 2015 жылғы 3 наурыздағы «Пульс района» газетінде № 19 сандарында жарияланған)» шешіміне:
шешімнің преамбуласы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.»;
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді алады және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы