Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Бұйрық · № 209 · қабылданған 17.05.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104483/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 209 ·17.05.2016
27.08.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 209 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра энергетики Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
209
Қабылданған күні
17.05.2016
Көрсетілген редакция
27.08.2018 104483_373030.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600013805
ЭКБ идентификаторы
104483
Редакция идентификаторы
104483_373030
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:08

0 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 209 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

2

2) «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10533 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Энергия берушi ұйымдардың электр желiлерiндегi электр энергиясының нормативтiк шығындар шамаларын анықтау «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

3

3) «Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10595 болып тiркелген, 2015 жылғы 14 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерінде:
11 және 12-топтар мынадай редакцияда жазылсын:
«
11-топ
13,63
13,63
13,63
12-топ
12,68
12,68
12,68
»;
мынадай мазмұндағы 16-топпен толықтырылсын:
«
16-топ
13,48
13,48
13,48
».

1.1 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 209 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

1.2 Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің
2016 жылғы 17 мамырдағы
№ 209 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

Қолданыстағы