Құжат мәтініне өту

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Западно-Казахстанской области за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Өзге акт · № 4-4 · қабылданған 10.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104488/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О предоставлении бесплатного проезда гражданам Западно-Казахстанской области за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-4 ·10.06.2016
09.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении бесплатного проезда гражданам Западно-Казахстанской области за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-4 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении бесплатного проезда гражданам Западно-Казахстанской области за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысының азаматтарына емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-4
Қабылданған күні
10.06.2016
Көрсетілген редакция
09.12.2020 104488_497609.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16Z0004472
ЭКБ идентификаторы
104488
Редакция идентификаторы
104488_497609
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:49

0 Батыс Қазақстан облысының

азаматтарына емделу үшін елді
мекен шегінен тысқары жерлерге
бюджет қаражаты есебінен тегін
жол жүруді ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өңірлік комиссиясының шешімімен ұсынылған жолдамамен медициналық көрсеткіштері бойынша жолданған Батыс Қазақстан облысының азаматтарына, сондай-ақ дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі -ДКК) қорытындысы болғанда науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
Науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) медициналық көмек алуы жағдайында автомобиль, теміржол көлігімен жол жүру құнының төлемі жүргізілсін (екі бағытқа да).

2

2. ДКК қорытындысы бойынша тіршілік әрекеті шектеулі көрсетілімдері болған кезде медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге әуе көлігімен жолдануы жағдайында науқастың және оны алып жүруші тұлғаның (бір адамнан артық емес) жол жүру құнының төлемі толық көлемінде жүргізілсін (екі бағытқа да).

3

3. Әуе көлігіне ДКК-нің қорытындысында рұқсат болмаған жағдайда, медициналық көрсеткіштері бойынша емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге жолданған науқасқа және науқасты алып жүруші тұлғаға (бір адамнан артық емес) теміржол көлігі жүрдек пойызының купелі вагоны билетінің орташа құнынан артық емес көлемінде төлем жүргізілсін (екі бағытқа да).

4 4. «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі науқастардың емделуге және оларды алып жүруші тұлғаға жол жүру құнының төлемін жүргізсін (келісім бойынша).

5 5. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
«Батыс Қазақстан облысының
денсаулық сақтау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Қ. Ирменов

Қолданыстағы