Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам государственной службы и противодействия коррупции

Жарлық · № 298 · қабылданған 13.07.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104541/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам государственной службы и противодействия коррупции Қолданыста Жарлық ·№ 298 ·13.07.2016
05.05.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам государственной службы и противодействия коррупции

Қолданыста Жарлық ·№ 298 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан по вопросам государственной службы и противодействия коррупции
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
298
Қабылданған күні
13.07.2016
Көрсетілген редакция
05.05.2018 104541_341710.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1600000298
ЭКБ идентификаторы
104541
Редакция идентификаторы
104541_341710
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:23

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.

2 2. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағын, 2-тармағын, 3-тармағының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің
2016 жы­л­ғы 13 шіл­де­де­гі
№ 298 Жар­лы­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

1

1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3-тармақта:
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2) қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;";
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
"2-3) белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау және келісу;";
4-тармақта:
2-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2) қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істеген мәслихат депутаттарының, сондай-ақ өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға кадр резервіне іріктеу және конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";
мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:
"2-3) белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуын келісу;".

2 2. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттары, сондай-ақ өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін тоқтатқан, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттік саяси қызметшілер, халықаралық қызметшілер, судьялар "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілмей Ұлттық комиссияның шешімімен орналаса алады.".

3 3. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарында:
20-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.

4

4. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 154 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 75-76, 553-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы дайындау, Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және оны жариялау қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Ұлттық баяндаманы:
1) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне – есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей ұсынады, ол міндетті түрде Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне – есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызынан кешіктірмей ұсынады.".

8 Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу ҚАҒИДАЛАРЫ

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­зи­ден­ті­нің
2016 жы­л­ғы 13 шіл­де­де­гі
№ 298 Жар­лы­ғы­мен
бе­кі­ті­л­ген өзге­рі­стер
мен толықтыруларға
қосымша
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу ҚАҒИДАЛАРЫ

Қолданыстағы