Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 113 · қабылданған 17.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104625/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 113 ·17.06.2016
08.04.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 113 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
113
Қабылданған күні
17.06.2016
Көрсетілген редакция
08.04.2021 104625_517929.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16TG003553
ЭКБ идентификаторы
104625
Редакция идентификаторы
104625_517929
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:43

0 Азаматтық қызметшілер болып

табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет
және спорт саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін айқындау
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына және VІ шақырылған аудандық мәслихаттың III сессиясының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №18-VI «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесімен келісу туралы» шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мақат ауданы әкімінің орынбасары Х.Төлеуішовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 5 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы Г.Саликова
«17» маусым 2016 жыл
Мақат аудандық
мәслихатының хатшысы Қ.Исмагулов
«17» маусым 2016 жыл

4 Мақат ауданы әкімдігінің

2016 жылғы « 17 » маусымдағы
№ 113 қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы
мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

1 1. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:

мемлекеттiк мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысы;
мемлекеттiк мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары (әкімшілік-шараушылық бөлік жөніндегі басшының орынбасарынан басқа);
кітапхана, интернат басшысы (меңгеруші);
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның шініде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, музыкалық жетекші (негізгі қызметтер), тәлімгер, тәрбиелеуші, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, дене тәрбиесінің нұсқаушысы (негізгі қызметтер), зертханашы, әдіскер (негізгі қызметтер), мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике, хореограф (негізгі қызметтер), кітапханашы, еңбек жөніндегі нұсқаушы.

2 2. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:

аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;
аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорын басшысы;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік кәсіпорын бөлім басшысы;
кітапхана меңгерушісі, кітапханашы, библиограф, әкімші (негізгі қызметтер), редактор, көркемдік жетекші, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, қоюшы режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), дирижер, режиссер, режиссер көмекшісі, барлық атаудағы әртістері, хореограф, аккомпаниатор - концертмейстер (негізгі қызметтер).

3 3. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:

әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант, күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

4 4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:

мемлекеттiк мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысы;
мемлекеттiк мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары;
әдіскер (негізгі қызметтердің), жаттықтырушы-оқытушы, мейірбике (мейіргер).

Қолданыстағы