Құжат мәтініне өту

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Зерендинском районе

Өзге акт · № 4-27 · қабылданған 10.06.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104629/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Зерендинском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-27 ·10.06.2016
10.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Зерендинском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4-27 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Зерендинском районе
Атауы (қаз.)
Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4-27
Қабылданған күні
10.06.2016
Көрсетілген редакция
10.08.2020 104629_475430.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16BN005442
ЭКБ идентификаторы
104629
Редакция идентификаторы
104629_475430
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:49

0 Зеренді ауданында

жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу
тәртібін қосымша
реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

2

2. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-254 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4610 тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда «Зерделі-Зеренді», «Зерен» аудандық газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен

бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Зеренді ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Е. Жүсіпбеков
2016 жылғы «10» маусым

4 Зеренді аудандық

мәслихатының
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 4-27 шешіміне қосымша
Зеренді ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

1 1. Зеренді ауылында митингілер, жиналыстар өткізу орындары болып белгіленсін:

аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Тәуелсіздік көшесі, 40; алаң, Гагарин көшесі, 30.
Зеренді ауылында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

1 1) Ілиясов және Әуезов көшелері қиылысынан, Ілиясов, Фрунзе, Тәуелсіздік көшелері бойынша орталық аланға дейін;

2 2) орталық алаңнан Тәуелсіздік, Фрунзе, Чапаев көшелері бойынша Естелік обелискіге дейін.

2 2. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында:

1 1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психитроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;

2 2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, сондай-ақ біреуге қатысты зәбір көрсетуге тартатын сөз сөйлеулерге жол берілмейді.

3 3. Қоғамдық тәртіп пен пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1 1) жергілікті атқарушы органдар бір күнде және бір уақытта бір объектіде 3-тен аспайтын жеке дара пикеттерді өткізуге рұқсат беруге мүмкін;

2 2) түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе айқын көрінбей тұруы қажет.

4 4. Пикет өткізу кезінде:

1 1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;

2 2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;

3 3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.

5

5. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Зеренді ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Қолданыстағы