Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня специализированной сельскохозяйственной техники, по которой производители сельскохозяйственной продукции освобождаются от уплаты налога на транспортные средства

Қаулы · № 1519 · қабылданған 26.11.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-10466/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня специализированной сельскохозяйственной техники, по которой производители сельскохозяйственной продукции освобождаются от уплаты налога на транспортные средства Күшін жойған Қаулы ·№ 1519 ·26.11.2001
31.12.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня специализированной сельскохозяйственной техники, по которой производители сельскохозяйственной продукции освобождаются от уплаты налога на транспортные средства

Күшін жойған Қаулы ·№ 1519 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня специализированной сельскохозяйственной техники, по которой производители сельскохозяйственной продукции освобождаются от уплаты налога на транспортные средства
Атауы (қаз.)
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1519
Қабылданған күні
26.11.2001
Көрсетілген редакция
31.12.2008 AI10466_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010001519_
ЭКБ идентификаторы
10466
Редакция идентификаторы
AI10466_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:28

0 Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы

📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 345-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. Қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесi бекiтiлсiн.

2

2. "Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 шiлдедегi N 938 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 23, 267-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.

4 Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2001 жылғы 26 қарашадағы
N 1519 қаулысына қосымша
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлер көлiк құралдарына салық төлеуден босатылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тiзбесi

1 1. Сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар.

2 2. Мал дәрiгерлiгi қызметiнiң автомобильдерi.

3 3. Автозообиологиялық зертханалар.

4 4. Автоазықтасымалдағыштар.

5 5. Ауыл шаруашылығына арналған автотиеуiштер.

6 6. Дән сепкiштерге автодәнқұйғыштар.

7 7. Тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар.

8 8. Ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер.

9 9. Тең штабельдерiн автотасымалдауыштар.

10 10. Автоулыжемшашқыш.

11 11. Пәлекжинағыш машиналар.

12 12. А/ш АН-2 әуе кемесi.

13 13. Өзi жүретiн дестелегiштер.

14 14. Астық жинайтын комбайндар.

15 15. Доңғалақты тракторлар, өзi жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар.

16 16. Мал азығын жинағыш комбайндар.

17 17. Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар.

18 18. Өзi жүретiн шөп шапқыштар.

19 19. Маялағыштар.

20 20. Жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және т.б. жинауға арналған).

Қолданыстағы