Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решение акима Сулукольского сельского округа

Өзге акт · № 8 · қабылданған 24.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104799/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решение акима Сулукольского сельского округа Қолданыста Өзге акт ·№ 8 ·24.06.2016
24.06.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решение акима Сулукольского сельского округа

Қолданыста Өзге акт ·№ 8 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решение акима Сулукольского сельского округа
Атауы (қаз.)
Сұлукөл ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
24.06.2016
Көрсетілген редакция
24.06.2016 104799_Some(100094).kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16CBL05008
ЭКБ идентификаторы
104799
Редакция идентификаторы
104799_Some(100094)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:36

0 Сұлукөл ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, Сұлукөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Сұлукөл селолық округі әкімінің кейбір шешімдеріне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 1) 2008 жылғы 23 маусымдағы № 1 мемлекеттік тіліндегі «Көшелерді қайта атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-48 болып тіркелген, 2008 жылдың 7 тамызында аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімінде:

кіріспесіндегі «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын;
шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелері мен бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосының» сөздері «ауылдық», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.

2 2) 2011 жылғы 22 тамыздағы № 3 «Сұлукөл селосының көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-113 болып тіркелген, 2011 жылдың 20 қазанында аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) шешімінде:

мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосының» сөздері «ауылдық», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 2 тармағы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы