О создании экологического коридора на территории государственного природного заказника «Белдеутас» республиканского государственного учреждения «Каркаралинский государственный национальный природный парк»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании экологического коридора на территории государственного природного заказника «Белдеутас» республиканского государственного учреждения «Каркаралинский государственный национальный природный парк»
- Атауы (қаз.)
- «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Белдеутас» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағында экологиялық дәліз құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 46/01
- Қабылданған күні
- 24.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2016 104823_99709.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16K0003905
- ЭКБ идентификаторы
- 104823
- Редакция идентификаторы
- 104823_99709
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:37
0 «Қарқаралы мемлекеттік
ұлттық табиғи паркі»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің «Белдеутас»
мемлекеттік табиғи қаумалының
аумағында экологиялық
дәліз құру туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынысына сәйкес, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн, биологиялық саналуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтiн жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетiн өсiмдiктердiң таралу жолдарын қорғау мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Белдеутас» мемлекеттік табиғи қаумалының аумағындағы «Белдеутас» және «Қоңыртемірші» кластерлік учаскелерінің арасындағы 9961 га алаңда, меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер телімдерін алмай, экологиялық дәліз құрылсын;
экологиялық дәліздің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.