Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в Успенском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в Успенском районе
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 122/7
- Қабылданған күні
- 05.07.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2016 104925_112268.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PL005182
- ЭКБ идентификаторы
- 104925
- Редакция идентификаторы
- 104925_112268
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:28
0
Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында Успен ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, тұлғаларға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындар квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындары санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
3 3. Білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы аудандағы жалпы жұмыс орындар санынан бір пайыз мөлшерінде белгіленсін.
4
4. «Успен ауданының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және Успен ауданының білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы азаматтарды, өтініш берген тұлғаларды жұмысқа жолдағанда осы қаулыны басшылыққа алсын.
5 5. «Успен ауданының әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркеуін;
аумақтық әділет органында осы қаулының мемлекеттік тіркеуінен кейін он күнтізбелік күн ағымында бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.