Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Павлодарском районе

Өзге акт · № 4/31 · қабылданған 07.07.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104928/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Павлодарском районе Күшін жойған Өзге акт ·№ 4/31 ·07.07.2016
14.04.2022 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Павлодарском районе

Күшін жойған Өзге акт ·№ 4/31 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Павлодарском районе
Атауы (қаз.)
Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/31
Қабылданған күні
07.07.2016
Көрсетілген редакция
14.04.2022 104928_570705.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PK005183
ЭКБ идентификаторы
104928
Редакция идентификаторы
104928_570705
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:28

0 Павлодар ауданында мүгедектер

қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша
үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29-бабының 6-тармағына сәйкес, Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1 1. Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.

2 2. Мүгедек баланы психологиялық-педагогикалық коррекцияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап, әрбір кемтар балаға, мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды бір жылға тоқсан сайын төлеу тәртібі айқындалсын.

3 3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

4

4. Павлодар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 17 маусымдағы «Павлодар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 шілдеде № 4572 болып тіркелген, аудандық «Заман тынысы», «Нива» газеттерінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 28 сандарында жарияланған) № 48/363 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала, заңдылық, азаматтардың құқығын сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы