Құжат мәтініне өту

Об изменении границ Абайского, Бухар-Жырауского районов Карагандинской области

Қаулы · № 59 · қабылданған 30.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-104981/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об изменении границ Абайского, Бухар-Жырауского районов Карагандинской области Қолданыста Қаулы ·№ 59 ·30.06.2016
30.03.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении границ Абайского, Бухар-Жырауского районов Карагандинской области

Қолданыста Қаулы ·№ 59 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении границ Абайского, Бухар-Жырауского районов Карагандинской области
Атауы (қаз.)
Қарағанды облысының Абай, Бұқар жырау аудандарының шекараларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
59
Қабылданған күні
30.06.2016
Көрсетілген редакция
30.03.2017 104981_174219.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16K0003916
ЭКБ идентификаторы
104981
Редакция идентификаторы
104981_174219
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:32

0 Қарағанды облысының Абай,

Бұқар жырау аудандарының
шекараларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 13 бабының 5 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 2 тармақшасына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгертулер:

1 1) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай ауданының шекарасына Бұқар жырау ауданы Дубовка ауылдық округінің Дубовка ауылының жалпы ауданы 19 649 гектар жері қосылсын;

2 2) орталығы Дубовка ауылында Абай ауданының Дубовка ауылдық округін құру арқылы Абай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысы өзгерілсін;

3 3) Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысынан жалпы ауданы 19 649 гектар құрайтын жер Дубовка ауылдық округі алынсын;

4 4) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округінің шекарасына Новостройка ауылының және Дубовка ауылдық округінің ауданы жалпы 28 129 гектар іргелес жерлері қосылсын;

5 5) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай және Бұқар жырау аудандары шекарасын өзгерту бойынша шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес Абай ауданының Дубовка ауылдық округінің (шегі) шекарасы белгіленсін;

6 6) осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Абай және Бұқар жырау аудандары арасындағы шекарасының өзгерту бойынша шаруашылықаралық жерге орналыстыру жобасына сәйкес Қарағанды облысы Абай ауданы Абай қаласының (шегі) шекарасы белгіленсін.

2 2. Осы Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 Бірлескен Қарағанды облысы

әкімдігі 2016 жылғы 10
маусымдағы № 40/10 қаулысы және
Қарағанды облыстық
мәслихатының 2016 жылғы 30
маусымдағы №59 шешіміне
қосымша
Қарағанды облысы Абай, Бұқар жырау аудандарының шекарасына қосылатын жерлердің экспликациясы
№ р/с
Атауы
Шекараларына қосылатын жерлердің көлемі, гектар
1.
Абай ауданы
19649
2.
Бұқар жырау ауданының Үштөбе ауылдық округі
28129

Қолданыстағы