Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об изменении административно-территориального устройства Жаксынского района Акмолинской области

Қаулы · № А-7/288 · қабылданған 15.06.2016
Заңдық күші: Қолданыста · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-105006/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об изменении административно-территориального устройства Жаксынского района Акмолинской области Қолданыста 15.06.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об изменении административно-территориального устройства Жаксынского района Акмолинской области

Қолданыста Қаулы № А-7/288 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении административно-территориального устройства Жаксынского района Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-7/288
Қабылданған күні
15.06.2016
Көрсетілген редакция
15.06.2016 105006_Some(101315).kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16B0005461
ЭКБ идентификаторы
105006
Редакция идентификаторы
105006_Some(101315)
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 08:45
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақмола облысы

Жақсы ауданының
әкімшілік-аумақтық
құрылысын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, «Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуіріндегі № А-3/97 қаулысы мен Жақсы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуіріндегі № 6ВС-3-10 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Ақмола облысының Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1) келесі елді мекендер жақын орналасқан елді мекендердің құрамына қосу арқылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын:

Жақсы ауданының Жаңақийма ауылдық округі бойынша:
Қийма ауылының құрамына қосу арқылы Трудовое ауылы;
Жаңа-Қийма ауылының құрамына қосу арқылы Тайпақ ауылы;
Жақсы ауданының Қайрақты ауылдық округі бойынша:
Қайрақты ауылының құрамына қосу арқылы Старое Перекатное ауылы;

2) Жақсы ауданының Беловодск ауылдық округі құрамына Қайрақты ауылдық округінің Қайрақты ауылын қосу арқылы қайта құрылсын, Қайрақты ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде қысқартылсын;

3) Жақсы ауданының Беловодск ауылдық округінің шекаралары 38025 гектар жалпы ауданымен Қайрақты ауылдық округінің аумағын қосу арқылы өзгертілсін.

2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.