Об утверждении Правил проведения работ по научно обоснованному подтверждению безопасности биологически активных добавок к пище
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения работ по научно обоснованному подтверждению безопасности биологически активных добавок к пище
- Атауы (қаз.)
- Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 287
- Қабылданған күні
- 28.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2016 105007_Some(100957).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014014
- ЭКБ идентификаторы
- 105007
- Редакция идентификаторы
- 105007_Some(100957)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:34
0 Тамаққа биологиялық активті
қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми
негізде растау жөніндегі жұмыстарды
жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 маусым
№ 287 бұйрығымен
бекітілген
Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін айқындайды.
2
2. БАҚ-тың қауіпсіздігін растау оларды мемлекеттік тіркеу және «Еуразиялық экономикалық одақта санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен (бұдан әрі - № 299 шешім) белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің Тізіліміне енгізу болып табылады.
3 3. БАҚ-қа Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес талаптар қойылады.
4 4. Ғылыми негіздеменің мақсаты БАҚ-ның зиянсыздығын, халықтың денсаулығына теріс ықпалдың болмауын және оны қолдану тиімділігін ғылыми растау болып табылады.
2 2-тарау. Тамаққа биологиялық активті қоспалардың қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі
5 5. БАҚ қауіпсіздігінің ғылыми негіздемесі ғылыми есептен және сараптамалық қорытындыдан тұрады.
6 6. Ғылыми есепті БАҚ өндірушісі осы саладағы практикалық қызметті жүзеге асыратын бейінді ғылыми-зерттеу институттарын немесе бейінді ғылыми орталықтарын тарта отырып әзірлейді және ресімдейді.
7 7. Ғылыми есеп Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 2001 жылғы 22 мамырда № 19 бекітілген «Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп» 7.32-2001 МЕМСТ талаптарына сәйкес ресімделеді.
8 8. Ғылыми есепте:
1 1) БАҚ-тың нысаналы мақсатына сәйкес келетін композициялық құрамының ғылыми негіздемесі;
2 2) мәлімделген салада қолдану тиімділігінің негіздемесі;
3 3) қолдану (дозалау) тиімділігінің негіздемесі;
4 4) оны өндіру (дайындау), сақтау, тасымалдау, өткізу процесінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету (оның қауіпсіздігін регламенттейтін ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес);
5 5) мәлімделген шикізатты клиникалық және эксперменталдық практикада пайдалану бойынша әдеби деректерді салыстырмалы талдау;
6 6) қолдану, пайдалану жөніндегі ұсынымдар, қажет болған жағдайда БАҚ-қа қарсы көрсетілімдер;
7 7) БАҚ-тың токсикологиялық-гигиеналық және биологиялық қауіпсіздігінің негіздемесі;
8 8) импортталатын БАҚ үшін дайындаушы елдің уәкілетті органдарының аталған өнімнің БАҚ-қа (тамақ өнімдеріне) жатқызылғанын немесе дәрілік зат болып табылмайтынын растайтын, сондай-ақ оны өндіруге және сатуға рұқсат етілетінін растайтын құжаттары;
9 9) қорытынды және тіркеуге ұсынымдар;
10 10) пайдаланылатын әдебиет тізімі көрсетіледі.
9 9. Сараптама қорытындысын осы салада практикалық қызметті жүзеге асыратын және қызметтің осы түріне аккредиттеуі бар бейінді ғылыми-зерттеу институты немесе бейінді ғылыми орталықтар жанынан құрылған БАҚ-ты тіркеу жөніндегі сараптамалық кеңесі ұсынады.
10 10. БАҚ-ты тіркеу жөніндегі сараптамалық кеңес:
1 1) № 299 шешімге сәйкес бекітілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттаманы талдауды жүзеге асырады;
2 2) БАҚ-тың құрамын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асырады;
3 3) БАҚ-ты қолдану тәсілі мен дозалауды, қолдануға қарсы көрсетілімдерді талдауды жүзеге асырады;
4 4) БАҚ-тың қауіпсіздігін зерттеу нәтижелерін талдауды жүзеге асырады (аккредиттелген зертханалар хаттамалары);
5 5) қорытындыны және тіркеуге ұсынымдарды ресімдейді.
11
11. Ғылыми есепті және сараптамалық қорытындыны ресімдеу мақсаты үшін БАҚ-ты зертханалық зерттеулерді мүше мемлекеттердің ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және № 299 шешіммен бекітілген Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес БАҚ-тың қауіпсіздігін белгілеу мақсатында Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар жүргізеді.