Об утверждении норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм эксплуатационного запаса топлива в осенне-зимний период для энергопроизводящих организаций
- Атауы (қаз.)
- Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 172
- Қабылданған күні
- 22.04.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.04.2016 105080_Some(101636).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014033
- ЭКБ идентификаторы
- 105080
- Редакция идентификаторы
- 105080_Some(101636)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:27
0 Энергия өндіруші ұйымдардың
күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын
қорының нормаларын бекіту туралы
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «___» «__________»
0 Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормасы
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 22 сәуірдегі
№ 172 бұйрығымен
бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормасы
1 1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
1 1) жеткізу қашықтығы 200 километрге дейін болғанда 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;
2 2) жеткізу қашықтығы 200 километрден астам болғанда 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.
2 2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда қатты отын және (немесе) мазут:
авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;
резервті отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
3 3. Мазут жағатын отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:
электр станциясында – номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4х200 мегаватт, 3х300 мегаватт және одан жоғары блоктардан;
жылу электр орталығында – номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар екі ең үлкен қазаннан аспауға тиіс.