Об утверждении Перечня диспергентов для ликвидации аварийных разливов нефти в море и внутренних водоемах Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня диспергентов для ликвидации аварийных разливов нефти в море и внутренних водоемах Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 262
- Қабылданған күні
- 21.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2021 105086_529125.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014018
- ЭКБ идентификаторы
- 105086
- Редакция идентификаторы
- 105086_529125
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:41
0 Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қантардағы Экологиялық кодексі 17-бабының 24-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3)осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
______________ А. Мырзахметов
2016 жылғы «___»__________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы «___»__________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрі
______________ Қ. Қасымов
2016 жылғы «___»__________
0 Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 21 маусымдағы
№ 262 бұйрығымен
бекітілген
Мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесі
1 1. Finasol OSR 51, Франция
түсі: қалампыр түсті, қара;
қату температурасы, оС: <-37;
тұтану температурасы, оС: 65;
тығыздығы, г/см3: 0,87-0,89;
ерігіштігі: суда ериді;
биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: OECD 301F 69% әдісі кезінде 28 күнде жеңіл биодеградациялану.
2 2. Inipol IPF, Франция
түсі: ашық-сары;
қату температурасы, оС: < -30;
тұтану температурасы, оС: 78;
тығыздығы, г/см3: 0,91-0,94 (20оС);
ерігіштігі: көмірсутектер.
3 3. Corexit EC9500A, АҚШ
түсі: янтарлы;
қату температурасы, оС: <- 57;
тұтану температурасы, оС: 83;
тығыздығы, г/см3: 0,95;
ерігіштігі: сумен араластырады, рН 6,2
биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: биоаккумуляцияға қабілеттілігі күтілмеген.
4 4. Inipol IP-90, Франция;
түсі: ашық-сары;
қату температурасы, оС: <-10;
тұтану температурасы, оС: 64;
тығыздығы, г/см3: 0,95;
ерігіштігі: су.
5 5. Dasic Freshwater Dispersant, Ұлыбритания.
түсі: қоңыр;
қату температурасы, оС: <-10;
тұтану температурасы, оС: 72;
тығыздығы, г/см3: 0,9 (20оС);
ерігіштігі: суда ериді;
биодеградациялану дәрежесі BOD5/COD: биодеградациялануға жатады, биожинақталуы төмен.